Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу күн тәртібін бағалады

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу бір телеарнаның тікелей эфирінде күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап қайтарды.

1621924
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу күн тәртібін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мамырдың басында Түркиядан бір делегацияның ресми шақыру бойынша Мысырға баратынын айтты.

Мысырмен қарым-қатынастар туралы Чавушоғлу екі ел арасында алдымен барлау саласында орнатылған байланыстың сыртқы істер министрлері арқылы жалғастырылуы тақырыбында келіскендерін білдірді.

Чавушоғлу «Мамырдың басында Түркиядан бір делегацияның ресми шақыру бойынша Мысырға барады» деді.

Чавушоғлу делегацияның министр орынбасарлары деңгейінде болатынын, содан кейін өзінінің мысырлық әріптесімен бас қосуы мүмкін екенін айтты.

Грекиямен қарым-қатынастың соңғы бірнеше жылдан бері шиеленісті өткеніне назар аударған Чавушоғлу мұның көбіне Афинаның теріс ұстанымынан болғанын мәлімдеді.

Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиастың бүгін Анкараға келетінін еске салған Чавушоғлу екі ел арасындағы келіссөз бен жоғары деңгейдегі сапарлардың маңыздылығына назар аударды.

Екі көрші елдің кездесу үшін Еуроодақ немесе басқа бір елге қажеттіліктері жоқ екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Грекиямен келісе алмаған мәселелеріміз бар. Бұларды ашық түрде және шынайылықпен талқылауымыз керек. Біз барлық мәселелерді сөйлесуге дайынбыз» деді.

Чавушоғлу екі ел арасындағы кеңестік кездесулердің қайтадан басталғанын және саяси кеңестердің де басталғанын атап, әріптестерімен барлық келіспеушіліктерді шынайы бір ортада талқылауды жоспарлағандарын білдірді.

Министр Чавушоғлу Швейцарияның Женева қаласында болып өткен Кипр жиналыстарымен байланысты «Понтилер үнемі артқа қарай қадам басуда. Кипр үшін федерация моделімен келіссөздер жүргізу - уақытты ысыраптау. Тағы 20-30 жыл бойынша келіссөздерді жалғастырғанмен нәтиже шықпайды. Біз 53 жыл бойы келіссөз жүргіздік, нәтиже алған жоқпыз. Мүмкін емес нәрсені итермелеудің мәні жоқ» деді.

Сонымен қатар Қаратеңіздегі шиеленіспен байланысты мәлімдеме жасаған Чавушоғлу Түркияның Қаратеңіздің бейбітшілік теңізі болғанын қалағанын, барлық жағалауы бар елдердің бірлесе отырып, теңіз жауапкершілік алаңдарын анықтау тақырыбында келіскенін айтты.

Қазіргі уақытта Украина-Ресей арасындағы шиеленістің Қаратеңіздің бейбітшілік теңізі болуына көлеңке түсіргенін атап көрсеткен Чавушоғлу Түркияның бұл проблеманың бейбіт жолмен шешіміне қолдау бергеніне назар аударды.

Чавушоғлу Түркияның Ресеймен де, Украинамен де жақсы қарым-қатынасы бар екенін, ашық және шынайы бір саясат жүргізгенін мәлімдеді.

Чавушоғлу АҚШ әскери кемелерінің бұғаз арқылы өтуін тоқтатуға қатысты болса, АҚШ-тың мұны ауызша Түркияға хабарлағанын, әлі жазбаша бір нотаның келмегенін білдірді.

Чавушоғлу кемелер бүгін өтпеген жағдайда 15 күн бұрыннан хабарлау процесінің қайтадан басталатынына назар аударып, «Түркия ‘Бұғаздардың мәртебесі туралы Монтре конвенциясына’ бағынуда. Осыған не Ресей, не басқа елдердің уайымы болмау керек» деді.

Ережелер мен шектеулердің ашық түрде белгілі екенін және бұғаздар арқылы өтулердің осы шеңберде жүзеге асырылғанын баса айтқан Чавушоғлу «Канал Стамбул» жобасының Монтре конвенциясын бұзу ықтималы жоқ екенін қайталады.



Ұқсас жаңалықтар