Мутацияға ұшыраған коронавирусқа қарсы отандық дәрі

Коронавирус Түркия платформасы шаңырағы астында отандық вакцина және дәрі жұмыстары жалғасып жатыр.

1620567
Мутацияға ұшыраған коронавирусқа қарсы отандық дәрі

Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесінің (TÜBİTAK) қолдауымен Анкара Университеті Дің жасушалары институтында мутацияға ұшыраған коронавирусқа қарсы отандық дәрі жетілдірілді.

TÜBİTAK Коронавирус Түркия платформасы шаңырағы астында отандық вакцина және дәрі жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы шеңберде TÜBİTAK-тың қолдауымен Анкара Университеті Дің жасушалары институтында 37 зерттермен қызмет атқарған дәрі жобасы жүргізілді.  Осы дәрі коронавирус науқастарының емінде қолданылады. Зерттеу нәтижесінде жетілдірілген 'Ribavirin' атты дәрінің лабораториялық жұмыстары сәтті аяқталды.

Бұл дәрі коронавирус ауруларын емдеуде қолданылады. Мутацияға ұшыраған вирусқа қарсы да ықпалды екені байқалды. Бір- екі апта ішінде клиникалық сатысы басталатын дәрі бірінші сатыда Анкара Университеті, Коч Университеті, Анкара Қалалық ауруханасында ерікті елу науқасқа беріледі.



Ұқсас жаңалықтар