Мәжіліс төрағасынан Мысырға көңіл айту жеделхаты

ТҰҰМ төрағасы Шентоп Мысырдағы пойыз апатының артынан Мысыр Өкілдер Мәжілісі төрағасы әл-Гебалиге көңіл айту жеделхаты жолдады.

1618774
Мәжіліс төрағасынан Мысырға көңіл айту жеделхаты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп  Мысыр Араб Республикасы Өкілдер Мәжілісі төрағасы Ханафи Али әл-Гебали және Мысыр халқына Мысырда болған пойыз апатына орай көңіл айтты.

ТҰҰМ коммуникация орталығы жасаған мәлімдемеге қарағанда төраға Шентоп әл-Гебалиге көңіл айту жеделхаты жіберді.

Шентоп хабарламасында «Мысырдың Сухадж уәлаятының Тахта аймағында болған пойыз апатында көптеген адамның опат болып, ондаған адамның жараланғанын қайғы-қасіретпен үйрендім. Мысыр халқына көңіл айтамын. Апатта қаза тапқандарға Алланың рақымын, отбасыларына сабыр, жаралылардың сауығып кетулерін тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар