"100 мыңнан астам азаматымызды Түркияға емделуге әкелдік"

Ердоған Стамбул Долмабахчедегі жұмыс кеңсесінде Халықаралық Демократтар одағы мүшелерін қабылдады.

1619029
"100 мыңнан астам азаматымызды Түркияға емделуге әкелдік"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа типтегі коронавируспен (ковид-19) күресте эпидемия басталған күннен бері 142 елден 100 мыңнан астам азаматымызды Түркияға емделуге әкелгендерін атап көрсетті.

Ердоған Стамбул Долмабахчедегі жұмыс кеңсесінде Халықаралық Демократтар одағы әйелдер мен жастар ұжымы орталық шешім қабылдау және атқару кеңесі мүшелерін қабылдады.

Президент Ердоған Түркияның ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында бүгінге дейін 157 ел мен 12 халықаралық мекемеге жәрдем жібергенін атап көрсетті.

Бүгін Еуропа көлемінде шамамен 6 миллион түріктің бар екеніне назар аударған Ердоған «Еуропалық түріктер тұратын елдердің саяси, мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрмысына одан көп үлес қосқанын көріп мақтанамыз. (BioNTech неміс биотехникалық компаниясының негізін қалаушы серіктес Профессор доктор) Угур Шахин және дәрігер Өзлем Түреджинің ковид-19 вакцинасын жетілдіруде қол жеткізген табысы өздеріне қолдау беріп, жағдай жасалған кезде азаматтарымыздың жасай алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Мұндай жақсы мысалдар тек қана еуропалық түріктерді ғана емес, сонымен қатар басқа иммигрант қоғамдардың да өзіне деген сенімі мен батылдығын арттырады» деді.

Түркияның ковид-19 эпидемия кезеңінен одан да күшейіп шығатынын атап көрсеткен Едоған «Шаралар қабылдап, бұйырғанға беріліп, эпидемияға қарсы күресімізді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар