Террор ұйымы мүшелерінің Түркиядағы активтері кепілдікке алынды

Террор ұйымы FETÖ, ДАИШ, PKK/KCK және DHKP/C мүшесі 377 адамның активтері кепілдікке алынды.

1616349
Террор ұйымы мүшелерінің Түркиядағы активтері кепілдікке алынды

Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ), ДАИШ, PKK/KCK және DHKP/C террор ұйымдарына мүшесі 377 адамның Түркиядағы активтері кепілдікке алынды.

Қазына және қаржы министрлігі тақырыппен байланысты шешімі «Ресми Газетте» жарияланды.

Активтері кепілдікке алынған 205 ФЕТӨ мүшесі арасында ұйым басшысы Фетуллах Гүленнің аты бірінші орында. Тізімде аталмыш ұйымға мүше Хамди Акын Ипек, Экрем Думанлы, Хидайет Караджа, Абдуллах Аймаз, Ахмет Куруджан, Джемал Ушак, Джевдет Түрікйолу, Мұстафа Өзджан, Мұстафа Йешил, Өндер Айтач және Шериф Али Текалан сияқты тұлғалар да бар.

PKK/KCK террор ұйымының активтері кепілдікке алынған 77 адам арасында ұйым басшылары Мұрат Карайылан, Али Хайдар Кайтан, Джемил Байык, Дуран Калкан, Хулья Оран, Фехман Хүсейин және Ферхад Абди Шахиннің аттары тізімде орын алады.

Активтері кепілдікке алынған DHKP/C террор ұйымының 9 мүшесі арасында болса ұйымның басшылық кадрларынан Муса Ашоғлу мен Хүсейин Февзи Текиннің аттары  бар.

Сондай-ақ ДАИШ террор ұйымы мүшесі 86 адамның да Түркиядағы мүліктері кепілдікке алынды.



Ұқсас жаңалықтар