Ердоған Еуроодақ басшыларын қабылдады

Қабылдауда Түркия-ЕО қатынастары жан-жақты қолға алынды.

1615915
Ердоған Еуроодақ басшыларын қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақ (ЕО) Кеңесі төрағасы Шарль Мишель мен Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенді қабылдады.

Президенттік сарайдағы қабылдау 2 сағат 45 минутқа жалғасты.

ЕО-пен ынтымақтастық тақырыптары жан-жақты қолға алынды.

2016 жылғы 18 наурыз күнгі иммигранттар келісіміне қоса Кеден одағы туралы келісімді жаңарту виза жеңілдігі кездесудің басты күн тәртібін құрайды.

Еуроодақ (ЕО) Кеңесі төрағасы Шарль Мишель қабылдаудың алдында жеке Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада "Анкарада Президент Ердоғанмен Түркия-ЕО қарым-қатынастарының болашағы туралы келіссөздер бастайды. Жағымды атмосфераны жалғастыру үшін шиеленіс үнемі төмендеуге тиісті" деді.

Сондай-ақ аймақтық және халықаралық оқиғалар бойынша пікір алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар