220 террорист залалсыздандырылды

Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефонда Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды кеңескенін жариялады.

1608651
220 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 1 наурызға дейін көбі Сирияның шығысында 200-ден астам террористің залалсыздандырылғанын айтты. 

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефонда Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды кеңескенін жариялады.

Акар кездесу жайлы:

"Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды өзара кеңестік, өзара шаралар жасау жөнінде келістік және жұмыстарымызды осылай жалғастырамыз" деді.

Министр Акар мыналарды айтты:

"Сириядағы террористік топтардың дереу бақылауға алынуы керек. Оларға қарсы күрес пен шаралардың атқарылғаны әбзал. Осы тақырыптарда ортақ жұмыстануға Ресеймен келістік."

Акар Сириядағы шабуылдарға жауап берілгенін білдіріп:

"1 наурыздан бастап террористер шабуылдар жасады, талпыныстар көрсетті. Осыларға жауап ретінде көбі Сирияның шығысында және Ирактың солтүстігінде  220-ден астам террорист залалсыздандырылды" деді. 



Ұқсас жаңалықтар