Экономикалық реформалардың күнтізбесі дайын болды

Экономикалық реформалар іс-қимыл жоспарының күнтізбесі мен жол картасы дайын болды.

1607255
Экономикалық реформалардың күнтізбесі дайын болды

 

12 наурыз күні президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған,  экономиканы инвестиция, өндіріс, жұмыспен қамту және экспорт негізінде нығайтуға бағытталған Экономикалық реформалар іс-қимыл жоспарының күнтізбесі мен жол картасы дайын болды. Қазына және қаржы министрі Лүтфи Елван «Экономикалық реформалардың күнтізбесін аяқтадық. Министрлігіміздің интернет парақшасында жарияланды» деп білдірді.

Іс-қимыл жоспары Қоғамдық қаржы,  Баға тұрақтылығы,  Қаржы секторы, жұмыспен қамту, ұжымдық басқару,  инвестицияларды ынталандыру, ішкі сауданың жеңілдетілуі, бәсеке, нарықты бақылау секілді он тақырыпты құрайды. Күнтізбеге қарағанда 850 мың кәсіпкерге салық жеңілдігін беретін заңға байланысты жұмыстар жылдың аяғына дейін аяқталады.

30 маусымға дейін мемлекеттік мекемелерде көлік алу қаражатына шектеме келтіретін реттеу жүргізіледі. 18 жастан кіші азаматтар үшін Жеке зейнеткерлік жүйесі бағдарламасы да тамамдалады.

Баға тұрақтылығы комитеті де 30 маусым күніне дейін құрылады.

Орталық банк цифрлық ақшаның экономикалық, технологиялық және заңды инфрақұрылымын жылдың аяғына дейін тамамдайды.

Дайындалған күнтізбеге сәйкес Экономикалық реформа пакетіндегі барлық әрекеттер 2023 жылдың наурыз айына дейін аяқталады.
 



Ұқсас жаңалықтар