Түркия Нигердегі шабуылды айыптады

Түркия Нигерде болған террорлық шабуылды айыптады және Нигер халқына көңіл айтты.

1606258
Түркия Нигердегі шабуылды айыптады

Түркия Нигерде болған террорлық лаңкестікті айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Нигердің Тахоуа аймағының Тиллиа қаласындағы елді мекендерге 2021 жылы 21 наурыз күні ұйымдастырылған  шабуылдарда 40 кісінің қаза тапқаны хабарына уайымдағаны  білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Осы опасыз террорлық шабуылдарды қатаң айыптаймыз. Дос және бауырлас Нигер халқы мен үкіметінің қайғысына ортақпыз. Қаза тапқандарға Алладан иман тілейміз, марқұмдардың отбасындағыларға көңіл айтамыз" деп көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар