Министр Акардан АҚШ пен Грекияға нақты жолдама

Ұлттық Қорғаныс министрі 18 наурыз шейіттерді еске алу және Чанаккале теңіз жеңісі бағдарламасына қатысты.

1604476
Министр Акардан АҚШ пен Грекияға нақты жолдама

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар дос және одақтастар мен гуманитарлық құндылықтарды жақтайтын баршадан террорға қарсы мықты ұстаным және ортақ бір көзқараспен қозғалуын күткендерін білдірді.

Акар 18 наурыз шейіттерді еске алу және Чанаккале теңіз жеңісінің 106 жылдығына орай министрлікте ұйымдастырылған рәсімге қатысты.

Акар осында жасаған баяндамасында барлық дос және одақтас елдерден террорға қарсы мықты бір ұстаным және ортақ бір көзқарас ортаға қоюларын талап ете отырып, «АҚШ-тың ДАИШ-пен күнес сылтауымен сепаратистік террор ұйымы YPG-ге қолдау беруін қаламаймыз. Өйткені біз үшін PKK деген, YPG деген сөз. Бұлардың бірі-бірінен айырмашылығы жоқ» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен Сирия мен Ирактың солтүстігінде және Жерорта теңізінің шығысында қасиетті түрік ұлтының құқығы мен мүдделерін қорғағандарын атап көрсеткен Акар «Әзербайжан мен Ливиядан бастап көңіл жағрапиямыздағы дос, одақтас, бауырлас және езілген ұлттар мен барлық адамзаттың гуманитарлық құндылықтары үшін де күресеміз» деді.

Акар Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипрдегі мәселелерді де келіссөз арқылы шешу керектігіне шынайылықпен сенгенін және осы үшін күш жұмсағанын атап, «Грекияның келісімдерді бұзып, арандату мақсатты әскери емес мәртебеге ие аралдарды қаруландыруы, жаттығулар өткізуі, келісімдерге қарама-қайшы бейресми әскери мәртебесі жоқ аралдарға шетелдік соғыс кемелерінің келуіне рұқсат берілуі, халықаралық құқыққа қайшы континенттік шельф және Эгей мен Жерорта теңізінің шығысында ақылға қонбайтын талаптары әрине қызуды арттыруда. Бұл арандатушы әрекеттер мен қорқыту сөйлемдеріне ешқашан жол берілмейді. Мұндай бір әдіс мәселелердің шешіміне үлес қоспайды. Бұлармен нәтиже алынбайтынын барша жақсы білсін» деді.



Ұқсас жаңалықтар