Түркияға BioNTech вакцинасы келді

Осы апта 60-65 жас аралығына вакцина салынады.

1603512
Түркияға BioNTech вакцинасы келді

Түркияда келесі аптадан бастап 60-65 жас аралығындағы азаматтарға вакцина салынады. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше видеоконференция арқылы Ғылыми кеңес жиналысына қатысты. Артынан баспасөзге жазбаша хабарлама жариялады.

Ол хабарламасында «Ковид-19-дың жаппай проблема болуды тоқтатуы үшін алдымызда уақыт жоқ.  Адам баласы 2020 жылғы амалсыздықтан өтті.  2021 жыл - үміт пен жеңістің жылы» деді.

Түркияның вакцина қамдау тақырыбында болатын проблемаларды болжай отырып қозғалғанын атап көрсеткен министр: «Тап қазір қолданыстағы вакцинадан өзгеше BioNTech вакцинасының сынақтарда қолданылатын алғашқы 5800 дозасы елімізге жетті.  Осы ай аяқталмастан тағы 4,5 миллион доза келеді. Осы кезекте вакцинаның сынақтары аяқталады.  Вакцина кезегі келгендерге салынады» деді.

Министр Кожа 65 жастан үлкен кісілер мен медицина қызметкерлерінің вакцинасының аяқталғанын айтып: «Келесі аптадан бастап 60-65 жас аралығындағы азаматтарды вакциналау басталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар