Түркиядан АҚШ-қа жауап

Сыртқы істер министрлігі жауап берді.

1603786
Түркиядан АҚШ-қа жауап

Түркия елдің ішкі істеріне араласуға тырысқандарды тәуелсіз соттардың іс процесіне құрмет көрсетуге шақырды.

Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының депутаттығы алынып тасталған Өмер Фарук Гергероғлуға байланысты мәлімдемелеріне наразылық білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс кеше «Түркияда Гергероғлуның депутаттығының алынып тасталуы секілді оқиғаларды жақыннан қадағалап отырғандарын» білдірген еді. Түрік Сыртқы істер министрлігі «Өз жөнінде нақтыланған сот үкімі бар Гергероғлуның депутаттығы Атазаң және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жарғысына сай алынып тасталды. Ішкі істерге араласуға тырысқандарды тәуелсіз соттардың іс процесіне құрмет көрсетуге шақырамыз» деп хабарлады.  

Хабарламада процестің басқа парламенттерде де болғаны секілді құқық қағидаларының орындалуынан қалыптасқаны, саяси партиялардың демократиялық саяси өмірдің бас тартылмас факторлары екені атап айтылды.



Ұқсас жаңалықтар