Бүгін-Чанаккале Теңіз жеңісінің 106 жылдығы

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "18 Наурыз Шейіттерді еске алу күні мен Чанаккале Теңіз жеңісінің 106 жылдығына" орай мәлімдеме жариялады.

1603360
Бүгін-Чанаккале Теңіз жеңісінің 106 жылдығы

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар:

"Тарихта отанымызды жаулап алушылардан құтқару үшін қанын төккен әскерлеріміз бүгін де осы рухпен әр түрлі қауіпке қарсы табандылық және батылдықпен күресті жалғастыруда" деді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "18 Наурыз Шейіттерді еске алу күні мен Чанаккале Теңіз жеңісінің 106 жылдығына" орай мәлімдеме жариялады.

Акар мәлімдемесінде Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлы қолбасшы ретінде тарих сахнасына шығуына себеп болған Чанаккале Теңіз жеңісінің нәтижелері Түркия мен әлем тарихының беталысын өзгерткенін, түрік ұлтына болашақты қайта құру жігері мен сенімін сыйлағанын білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар