Түркия Нигериядағы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1601242
Түркия Нигериядағы шабуылды айыптады

Түркия Нигерияның Борно уәлаятының Гудумбали аймағында Боко Харам террор ұйымы тарапынан жүзеге асырылған террор шабуылын қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Министрлік жасаған мәлімдемде 12 наурызда бір әскери керуенге бағытталған шабуылда 19 әскердің қаза тауып, 13 адамның жарақат алғаны туралы ақпар түскені атап көрсетілген.

Мәлімдемеде «Бұл опасыз террор шабуылын қатаң түрде айыптаймыз. Қаза тапқандардың туыс-тамырлары мен бауырлас Нигерия халқы және үкіметіне көңіл айтамыз. Жаралыларға жедел шипа тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар