Түрік сыртқы істер министрі Түрікменстан мен Өзбекстан сапарларына баға берді

Чавушоғлу сапарларынан кейін TRT Haber арнасына мәлімет берді.

1598288
Түрік сыртқы істер министрі Түрікменстан мен Өзбекстан сапарларына баға берді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әрі Түрікменстан,  әрі Өзбекстан сапарларының шынайы атмосферада өткенін айтты.  Ол кездесулердің өте пайдалы болғанын білдірді.

Чавушоғлу Түрікменстан және Өзбекстан сапарларынан кейін TRT Haber арнасына мәлімет берді.

Министр Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің міндетке келгелі ері елде өте мықты реформалар жүргізгенін,  Түркияның да мамандар жолдап, Өзбекстанмен тәжірибелерін бөліскенін атап көрсетті. Ол Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың Түркияға ерекше құрмет көрсеткенін білдірді. Елдің барлық рейстерге жабық болуына қарамастан Түрік Әуе жолдарына Түрікменабад қаласына ұша бастауына рұқсат берілетінін айтты.  Пандемияға байланысты ешбір елдің фура көліктеріне рұқсат берілмесе де,  түрік көлік жүргізушілерінің коронавирус тестін тапсырғаннан кейін өтуіне де рұқсат беріледі.

Сыртқы істер министрі алдынғы күндері Түрікменстан мен Әзербайжанның Каспий теңізіндегі мұнай мен газ кендеріне байланысты жасаған келісіміне де тоқталды. Осы кендегі мүнай мен газ қойнауы үшін түрік фирмаларының да ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар