Челик Грекияны айыптады

Өмер Челик Грекияның Араб Одағының Түркияға қарсы мәлімдемесін болымды деп қарауына наразылық көрсетті.

1598167
Челик Грекияны айыптады

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик Грекияның Араб Одағының Түркияға қарсы мәлімдемесін болымды деп қарауына наразылық көрсетті.

Өмер Челик Әділет және даму партиясы Орталық әкімшілік кеңесі жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Челик Грекиямен арадағы кірбеңдікке байланысты:

"Грекияның Араб Одағының Түркияға қарсы мәлімдемесін болымды деп қарауын тіркеуге алдық. Никос Даниас Мысыр астанасы Каирге барды. Грекияның осы әрекетін де тіркедік.  Қажет болғанда және қажетті шарттарда мұның жауабын беретінімізге ешкімнің күдігі болмасын" деп көрсетті.

Кейбір елдер Түркиямен тіресу үшін Грекияны өзіне тартуын Афины әкімшілігінің тұрақты одақтастық ретінде қарамауы керектігін айтқан Челик:

"Ертең олар кетеді, Грекия тағы да Түркиямен оңаша қалады осы аймақта" деді.

Түркия Араб Одағы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 3 наурыздағы жиналысында жасалған "орынсыз шешімдерін" әсте қабылдамайтынын жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар