Түркия Экваторлық Гвинеяға көңіл айтты

Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1597010
Түркия Экваторлық Гвинеяға көңіл айтты

Түркия Экваторлық Гвинеядағы жойқын жарылыстарда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі кеше Экваторлық Гвинеяның батысындағы Бата қаласындағы әскери базаның оқ-дәрі қоймасында қатарынан болған бірнеше жойқын жарылыста көптеген адамның қаза тауып, жүздеген адамның жараланғаны туралы оқиғаны өкінішпен қарсы алынғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Бұл өкінішті оқиға үшін достас Экваторлық Гвинея үкіметі мен халқына, қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айтамыз. Жаралылардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.

Экваторлық Гвинея Денсаулық сақтау министрі Гуинеа Салуд 17 адамның қаза тауып, 420 адамның жарақат алғанын және казарма маңындағы үйлердің жарылыс салдарынан қирап, көптеген адамның үйінділер астында қалғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар