Тікұшақ апатында 11 әскер шейіт болды

Ұлттық қорғаныс министрі мен Бас Штаб төрағасы тікұшақ апаты болған аймаққа барды.

1595266
Тікұшақ апатында 11 әскер шейіт болды

Битлисте бір әскери тікұшақ құлап, 11 әскер шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап, Бингөлден көтерілген Cougar типті тікұшақпен байланыстың Түркия уақытымен сағат 14.25-те үзілгенін білдірді.

Метеорологиялық себептермен апатқа ұшыраған тікұшақта 11 әскердің шейіт болғаны, төрт әскердің жарақат алғаны анықталды. Жаралы әскерлер дереу ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Бас  Штаб төрағасы Яшар Гүлер және Құрлық Күштері қолбасшысы Үміт Дүндар тікұшақ апатына байланысты зерттеу жүргізу мақсатымен аймаққа барды. 

 



Ұқсас жаңалықтар