Ердоған Макронмен сөйлесті

Кездесуде екі жақты қатынастар мен Түркия –ЕО байланысы қолға алынды.

1593868
Ердоған Макронмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен видео конференция арқылы сөйлесті. Кездесуде екі жақты қатынастар мен Түркия –ЕО байланысы қолға алынды.

Ердоған кездесуде Түркия мен Франция қатынастарының едәуір әлеуеті бар екеніне сенетінін білдірді.
«Елім мен ұлтым атынан эпидемияда қайтыс болған Франция азаматтары үшін көңіл айтамын» деді ол.

Президент биыл Анкара келісімінің жүз жылдығы екеніне тоқталып, екі ел арасындағы қатынастарда лидерлер арасында орнатылған диалогтың әрқашан  маңызды рол ойнағанын айтты.
«НАТО-да одақтас екі мықты ел ретінде Еуропадан Кавказға, Таяу Шығыстан Африкаға дейін созылған территорияда қауіпсіздік,  тұрақтылық пен бейбітшілік жұмыстарына үлес қоса аламыз. Терроризммен күресте де бірге басылатын қадамдар бар.  Осы тақырыптарда Түркия мен Францияның ұйымшылдықпен қозғалуын тілеймін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар