Вице-президент Фуат Октай Ходжалы құрбандарын еске алды

Фуат Октай Ходжалы қырғынында армян зұлымдығына құрбан кеткен шейіттерді еске алды.

1592024
Вице-президент Фуат Октай Ходжалы құрбандарын еске алды

Октай жеке Твиттер аккаунтынан Ходжалы қырғынының 29 жылдығына орай хабарламасында «Ходжалыда 29 жыл бұрын болған жауыздық жүректерге от түсірді. Армян оккупациясындағы бұрынғы Әзербайжан жерінің азат етілуі, азап шеккен жүректерге сәл де болса жұбаныш болды. Армян зұлымдығына құрбан болған шейіттеріміздің рухы жәннәтте болсын» деді.

Армян күштері 1992 жылы 26 ақпан күні Әзербайжанның Таулы Қарабах аймағында 613 Әзербайжан азаматын қырды. Оқиға тарихта «Ходжалы қырғыны» деп аталды.



Ұқсас жаңалықтар