Иран елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Сыртқы істер министрлігі Иранның Түркияның террормен күресінде қарсысында емес, қасында болуын күтетінін білдірді.

1592290
Иран елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Иранның Түркиядағы өкілетті елшісі Мұхаммед Феразмент елінің Ирактағы елшісі Ирек Месжидидің Түркияның Ирактың егемендігіне қайшылық жасағанын сындағын сөздеріне орай Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Сыртқы істер министрлігі Иранның Түркияның террормен күресінде қарсысында емес, қасында болуын күтетінін білдірді. 

Дипломатиялық хабарларға қарағанда Иранның Ирактағы елшісі Ирек Месжидидің 23 ақпанда бір телеарнаға берген сұхбатында Түркияның Ирактың егемендігіне қайшылық жасағанын сындаған сөздер сөйлеуі себепті Иранның Түркиядағы өкілетті елшісі Мұхаммед Феразмент Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Иранның елшісі Мұхаммед Феразментке Ирек Месжидидің Түркияның Ирактың егемендігіне қайшылық жасағанын айыптау мәлімдемесіне қатаң қарсылық көрсетілгені,  Түркияның операцияларының Ирактың тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен егемендігін нысанаға алған бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшелеріне бағытталған террормен күрес көлемінде атқарылғаны, мұны Ирак ұйымдарын қамтыған баршаның қабылдағаны жеткізілді.

Түркияның Иракпен арасында өткізілген жоғары дәрежелі сапарларда бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның ортақ қауіп екені көзқарасы бөлісілгені және Иранның да Түркияның террормен күресінде қарсысында емес, қасында болуының күтілгені айқын түрде білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар