"Әзербайжанның жанында боламыз"

Ердоған Хожалы қырғынының 29 жылдығына орай әлеуметтік желіден мәлімдеме жариялады.

1591302
"Әзербайжанның жанында боламыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Әзербайжанның жанында болуды жалғастыратынын білдірді.

Ердоған Ходжалы қырғынының 29 жылдығына орай әлеуметтік желіден мәлімдеме жариялады. Президент «29 жыл бұрын Ходжалыда аяусыз өлтірілген әзербайжандық бауырларымызды құрметпен еске аламын» деп жазды. «Жылдар өтсе де қайғысын ұмытпаймыз. Ходжалы қырғынының жылдығында әйел, бала, қария болғанына қарамастан өлтірілген 613 бауырымызды еске алып, дос және бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Бір ұлт, екі мемлекетпіз. Түркия ретінде Әзербайжанның жанында болуды жалғастырамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар