Түркия Нигерияға көңіл айтты

Нигерияның Маидугури қаласында болған  жарылыстар мен қарулы шабуылдарда 10 кісі қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны хабарланды.

1590161
Түркия Нигерияға көңіл айтты

Түркия Батыс Африка елі Нигерияның Борно уәлаятында болған террорлық шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде елдің Борно уәлаятында Боко Харам террористік ұйымы тарапынан жасалған террорлық шабуылда 10 кісінің қаза тапқаны және көптеген адамның жараланғаны хабарына қайғырғанымыз жеткізілді.

Мәлімдемеде:

"Осы опасыз террорлық шабуылды айыптаймыз, қаза тапқандардың отбасындағылар мен дос және бауырлас Нигерия халқы мен үкіметіне шынайы көңіл айтамыз, жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп жазылды.

Нигерияның Борно уәлаяты әкімі Бабагана Зулум уәлаяттың Маидугури қаласында болған  жарылыстар мен қарулы шабуылдарда 10 кісі қаза тапқаны, 60 кісінің жараланғаны хабарланды. 



Ұқсас жаңалықтар