Жаһандық вакцина дипломатиясы талқыға салынады

TRT World Forum-ның пікірталастар сериясында «Жаһандық пандемия және вакцина дипломатиясы» қолға алынады.

1589844
Жаһандық вакцина дипломатиясы талқыға салынады

TRT World Forum тарапынан «Жаһандық тәртіпте жаңа динамикалар» тақырыбында ұйымдастырылған цифрлық пікірталастар сериясында «Жаһандық пандемия және вакцина дипломатиясы» қолға алынады.

Түркия Телерадио корпорациясының хабарламасына қарағанда, TRT World Forum мен  TRT World Citizen бірге өткізетін отырысты Мармара Университетінен оқытушы Талип Күчүкжан басқарады.

Коронавирустың адам денсаулығына әсері талқыланатын,  айырықша вакцина дипломатиясы, вакцина ұлтшылдығы және вакцина бәсекелестігі талқыланатын отырысқа Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Түркия денсаулық қауіпсіздігі жобасының координаторы Иршад Али Шаих, Exeter Университеті Медицина факультеті оқытушысы Барат Панханиа және Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директорының орынбасары Ахмед Оквел Оума қонақ болады.

Бүгін кешке Түркия уақытымен сағат 20.00-де басталатын отырысты TRT World Forum және  TRT World Citizen әлеуметтік медиа есептерінен қарауға болады.



Ұқсас жаңалықтар