Калын Еуроодақ мәлімдемешісіне наразылық көрсетті

Ибрахим Калын Еурокомиссия мәлімдемешісі Питер Станоның сөздеріне наразылық көрсетті.

1589516
Калын Еуроодақ мәлімдемешісіне наразылық көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Еурокомиссия мәлімдемешісі Питер Станоның Түркияның «адам құқығы, құқықтың үстемдігі мен еркіндігін құрметтеу керек» деген мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

Калын Твиттердегі аккаунтынан Станоға ағылшын тілінде «Гарада 13 адамды аяусыз өлтірген ЕО тізімінде орын алған террористік ұйым PKK ең болмаған да бір рет сізді алаңдататын шығар. Әлде бұл PKK лоббиімен сізді қиындыққа ұшырата ма?» деді.

Стано Халықтардың демократия партиясы (ХДП) депутаттарына бағытталған «қысымның күшеюіне» уайымдағанын және Түркияның «адам құқығы, құқықтың үстемдігі мен еркіндігін құрметтеу керек» деп мәлімдеме жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар