«Эрен-11 Cехи ормандары» операциясы басталды

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Битлис пен Сииртте «Эрен-11 Cехи ормандары» операциясы басталды.

1589671
«Эрен-11 Cехи ормандары» операциясы басталды

Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда терроризмді толық жоюды нысанаға алған және 2021 жылы 11 қаңтарда басталған «Эрен» операциялары табысты түрде жалғасуда.

Сепаратистік террористік ұйымды елдің күн тәртібінен толығымен алып тастау және аймаққа қоныстанған террористерді залалсыздандыру мақсатты Битлис пен Сииртте «Эрен-11 Сехи ормандары» атымен операция басталды.

Министрлік операцияға 781 қызметкердің қатысқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар