Президент Ердоған террормен күрес тақырыбына тоқталды

Ердоған Түркияның террормен күрес тақырыбы туралы мәлімдеді.

1588407
Президент Ердоған террормен күрес тақырыбына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның террормен күресі туралы «Қайсы інге кіріп кетсе, біз сондамыз» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Измир қалалық құрылтайының 7-ші жиналысында үн қатты.

«Әскерлерімен бұл қасиетті отан топырағын басып кіре алмайтынына көзі жеткен соң басқа құралдарды іске қосты» деген Ердоған «Терроризм - бұл құралдар ішіндегі ең қандысы, ең қатыгезі. Хаккари болса терроризмнен ең көп зардап шеккен қалаларымыздың басында келеді. Лаңкестік шабуылдар себепті Шығыс және оңтүстік-шығыс Анадолы аймақтарынан қоныс аударған көптеген азаматымыз Измирде өмір сүруде. PKK террор ұйымының әдепсіз және ұждансыз жүзін ең жақсы олар көрген» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз Джудиде, Габарда, Тендүректе, Беслер ағынында бармыз. Қайсы інге кіріп кетсе, біз сондамыз. Сол жерлерді оларға мазар қылып тастадық. Бұрын «он мыңдаған» деп аталатын террорист саны қазір «жүздеген» деп аталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар