Ердоған мен Рухани телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Иран қарым-қатынастарын күшейтуге байланысты жігерлері мығым екенін айтты.

1587822
Ердоған мен Рухани телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Хасан Руханимен телефонда сөйлесті.

Президенттік сарай Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы кеңесте экономика, қатынас, қауіпсіздік және басқа салаларда Түркия мен Иран  ынтымақтастығын жетілдіретін қадамдар мен аймақтық оқиғалар талқыланғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Иран қарым-қатынастарын күшейтуге байланысты жігерлері мығым екенін айтты.

Американың жаңа әкімшілігінің Иранға қаратқан тек тарапты санкциялардан бас тартып, Иран халқының байлығы алдындағы әділетсіз кедергілерді жоюын үміт еткенін айтқан Ердоған соңғы күндерде осы жайлы жасалған мәлімдемелер жаңа бір орай жаратуға себеп болатынын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған барлық тараптың "Көлемді әрекет жоспарын" қайта іске қосуға келісуінің ең лайықты әдіс екенін және қиыншылықтарға қарамай диалог есігін ашық ұстаудың маңыздылығын атап айтты.   



Ұқсас жаңалықтар