Түркия F-35-ке қатысты құқықтары үшін АҚШ-та бастама көтереді

Түркия F-35 әскери ұшағы бағдарламасындағы құқығын қорғау үшін «Arnold&Porter» атты халықаралық заң фирмасымен келісті.

1586794
Түркия F-35-ке қатысты құқықтары үшін АҚШ-та бастама көтереді

Түркия Америка Құрама Штаттарында F-35 әскери ұшақ бағдарламасындағы құқықтарын қорғауға кірісті.

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі Қорғаныс технологиялары АҚ Түркияның F-35 әскери ұшағы бағдарламасындағы құқығын қорғау мақсатты АҚШ-та жасалатын бастамаларға жетекшілік ететін «Arnold&Porter» атты халықаралық заң фирмасымен келісім жасады.

Келісім Түркияның F-35 жойғыш ұшағы бағдарламасында қалуын қамтамасыз етуден гөрі бүгінге дейін пайда болған құқығын қорғауға бағытталған заңдық кеңесшілік қызметін қамтиды.

Түркияның бағдарламадан шеттетілуімен ресми түрде табыс етілетін ұшақтар жеткізілмеді және бұлардың ақшалары қайтарылмады. Келісім бұл аяда «Түркияның заңды құқығын қорғайтыны» жөніндегі мәлімдемелерінің жалғасы ретінде іске асты.

Бағдарламадан тыс қалу немесе Түркияға оралуы болса осы бастамадан тәуелсіз бағалау және шешімге байланысты жүзеге асырылады.



Ұқсас жаңалықтар