АҚШ-тың Түркиядағы елшісіне наразылық жеткізілді

Дэвид Саттерфилд Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, Түркияның АҚШ-қа наразылығы жеткізілді.

1584104
АҚШ-тың Түркиядағы елшісіне наразылық жеткізілді

АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті елшісі Дэвид Саттерфилд Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, елінің Гарадағы бөлшектеуші террористік ұйым ПКК шейіт еткен 13 түрік азаматына байланысты мәлімдемесіне Түркияның наразылығы жеткізілді.

Сыртқы істер министрлігінің тақырыпқа байланысты мәлімдемесінде:

"АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті елшісі Дэвид Саттерфилд Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, АҚШ-тың мәлімдемесіне байланысты наразылығымыз қатаң тілмен жеткізілді" деп көрсетілді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Ирактың Гара аймағында бөлшектеуші террористік ұйым ПКК шейіт еткен 13 түрік азаматына байланысты жасаған мәлімдемесінде:

"Түрік азаматтарының террористік ұйым ПКК-ның қолында өлгені хабары тура болса, бұл әрекетті күшті түрде айыптаймыз" деп жазылды.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Ризе уәлаяты конгресіндегі сөзінде АҚШ-тың аталмыш мәлімдемесіне орай наразылық көрсетті. 

Президент Ердоған:

"Шыдамымыз таусылды, егер біз сізбен бірге әлемде, НАТО-да береке-бірлігімізді жалғастыратын болсақ, террористердің қасында болмайсыз. Қане, сіз ПКК-ның,  YPG-нің,  PYD-нің қасында емес едіңіз. Жанында және артында екеніңіз өте айқын" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар