Тағы бір әскер шейіт болды

Кешегі операцияда жараланған әскер ауруханада шейіт болды.

1581519
Тағы бір әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында басталған «Пенче-Картал-2» операциясында кеше террористермен болған қақтығыста жарақат алған тағы бір әскер шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап, операцияда жарақат алып,  ауруханаға жеткізілген әскердің бүгін шейіт болғанын білдірді. Хабарламада «Бізге қайғы берген осы оқиғада шейіт болған әскерімізге Алладан рақым тілейміз,  отбасына, Түрік Қарулы күштеріне және ұлтымызға көңіл айтып, сабыр тілейміз» деп айтылды.

Министрлік «Пенче-Картал-2» операциясында кеше екі әскердің шейіт болғанын,  төрт әскердің жарақат алғанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар