Калыннан «Байден әкімшілігімен қатынастар» мәлімдемесі

Ибрахим Калын CNN International- да "Түркия-АҚШ қарым-қатынастарын" бағалады.

1581482
Калыннан «Байден әкімшілігімен қатынастар» мәлімдемесі

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын "Байден әкімшілігімен жаңа парақ ашатынымызға сенімдіміз" деді.

Ибрахим Калын CNN International телеарнасында Бекки Андерсонмен "Түркия-АҚШ қарым-қатынастарын" бағалады.

Мәлімдемеші Калын Байденнің кадрларының тәжірибелі мамандардан тұратынын және бұл тұлғалардың Түркияны танығанына назар аударып, «Әсіресе Сириядан Иракқа, Ливиядан Кавказға және Парсы шығанағы елдеріне дейін бүгінгі дау-дамайлар назарға алынғанда Түркияның стратегиялық маңыздылығы мен қиындықтарын қарым-қатынастардың орталығына қоятынына сенімдімін. Менің ойымша, олар Түркиямен өте жағымды қатынастарға дайын» деді.

«Джо Байден әкімшілігімен (бұрынғы президент) Дональд Трамп әкімшілігінен жақсы қарым-қатынастар күтесіз бе?» деген сұраққа қайтарған жауабында Калын Трамптың Түркияның досы екенін және Түркияны дос ретінде көргенін әрдайым ашық ​түрде айтқанын ​еске салды. Калын «Байден әкімшілігіне келетін болсақ, біздің қарым-қатынасымыз құрмет, өзара мүдделілік және екіжақты егемендіктерді мойындауға негізделген болса, біз «жақсы қарым-қатынаста боламыз» деп ойлаймыз» деді.

Байден мұның алдында вице-президент ретінде Түркияға 4 рет ресми сапармен келгенін және бұл тәжірибені президент ретінде бағалайтынына сенгеніне назар аударған Ибрахим Калын сөздерін «Құрметті президентіміз патриот немесе басқа бір НАТО одақтасынан қорғаныс жүйесін сатып алу тақырыбында Түркияның келіссөзге дайын екенін атап көрсетті. Біз бұған дайынбыз, біз толық ынтымақтастыққа дайынбыз. Байден әкімшілігімен жаңа парақ ашатынымызға сенімдіміз. Өзі Түркия мен президентімізді таниды» деді.



Ұқсас жаңалықтар