Ирактың солтүстігінде 2 әскер шейіт болды

"Пенче-Картал-2" операцияларында террористермен болған қақтығыста 2 әскер шейіт болды.

1581240
Ирактың солтүстігінде 2 әскер шейіт болды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі "Пенче-Картал-2" операцияларында 2 әскердің шейіт болғанын, 4 әскердің жараланғанын хабарлады.

Министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында басталған "Пенче-Картал-2" операцияларында террористермен болған қақтығыста 2 әскер шейіт болды.

Қақтығыста жарақат алған 4 әскердің ауруханаға жеткізілгені білдірілді. Аймақта анықталған нысаналардың әуе операциясы арқылы атылғаны, террор ұйымының аталмыш аймақтағы мекендеріне ауыр соққы берілгені хабарланды. 



Ұқсас жаңалықтар