Түркия-Пәкістан арасында ортақ әскери жаттығу

Түркия мен Пәкістан арасындағы "Ататүрік жаттығу 2021" атты ортақ әскери жаттығуы басталды.

1579766
Түркия-Пәкістан арасында ортақ әскери жаттығу

Түркия мен Пәкістан арасындағы "Ататүрік жаттығу 2021" атты ортақ әскери жаттығуы Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятына қарасты Тарбела аймағында рәсіммен басталды. 

Пәкістан армиясынан жасалған мәлімдемеде екі елдің Қарулы күштері арасында өткізілген жаттығудың 3 апта жалғасатыны білдірілді. 

Мәлімдемеде жаттығудың екі бауырлас ел арасындағы байланыстың тіпті күшейетіні түсіндірілді.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі 4 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде ортақ әскери жаттығудың 4-20 қаңтарда Пәкістанда өткізілетінін баяндаған еді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар