Түркия-Катар біріккен жаттығуы аяқталды

Бұл туралы Катар әскери полиция ұйымы хабарлады.

1580142
Түркия-Катар біріккен жаттығуы аяқталды

Катар әскери полиция ұйымының Түрік Қарулы күштерімен төрт апталық жаттығуы аяқталды.

Катар Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап, жаттығудың әскери қабілеттерді арттыру, Катар және түрік армиялары арасындағы тәжірибе алмасу және әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатымен өткізілгенін білдірді.

Катар әскери полиция ұйымының қолбасшысы Рашид Мұхаммед әл Хажири жаттығуға қатысқан қызметкерлердің кәсіптік деңгейін мақтады.

Біріккен әскери жаттығулар, оқу семинарлары және әскери лауазым иелерінің өзара байланыстары себебімен Түркия мен Катар арасындағы әскери қатынастар 2020 жылы жақсы деңгейге жетті.



Ұқсас жаңалықтар