Түрік әскерлерінен Сирия азаматтарына көмек

Түрік әскерлері мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты.

1575242
Түрік әскерлерінен Сирия азаматтарына көмек

Түркия Сирияда террордан тазаланған аймақ тұрғындарына көмегін жалғастыруда.

ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жүргізілген Азизие ауылында мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты.

Министрлік «Бейбітшілік бұлағы» операциясы аясында қызмет еткен түрік әскерінің аймақ халқының үміті екенін білдірді. Түрік әскерлері Азизие ауылында мұқтаж отбасыларға Апат және төтенше жағдай басқармасының азық-түлік пакеттерін таратты.  

Түрік Қарулы күштері мен Сирия Ұлттық армиясы бірігіп бастаған «Бейбітшілік бұлағы» операциясында Сирияның Алеппо, Хасеке және Ракканың солтүстік өңірлері PKK/YPG террорлық ұйымының басқыншылығынан азат етілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар