Мьянмадағы түрік азаматтарына ескерту

Өкілетті елшілік ескерту жариялады.

1574828
Мьянмадағы түрік азаматтарына ескерту

Түркияның Мьянмадағы өкілетті елшілігі әскери төңкеріс болған елде өмір сүретін түрік азаматтарға ескерту жасады.  Елшілік міндетті емес жағдайда көшеге шықпауға шақырды.

Өкілетті елшіліктің хабарламасында елде төтенше жағдай жарияланғаны,  заң шығару, атқару және соттың барлық өкілдіктерін қарулы күштер қолбасшылары қабылдар алғаны еске салынды. Елде Минт Сви уақытша басшы ретінде жарияланды. Хабарламада «Көптеген жоғары деңгейдегі үкімет өкілі қамауға алынды, айырықша ел көлемінде телеканал және мобильдік желілер үзілді. Кейбір аймақтарда кабельсіз интернет желісі үзілді» деп айтылды. Түрік азаматтарына ескерту жасалып, «Мьянмадағы азаматтарымызға міндетті емес жағдайларда үйлерін шықпауға, саяхаттамауға, жергілікті каналдардан жарияланған хабарландыруларға құлақ беруге және көп адам топтасқан жерлерден аулақ болуға кеңес береміз» деген сөздер қолданылды.

Мьянмадағы түрік азаматтары өкілетті елшілікке Twitter және Facebook желілері арқылы, +9501662992, +959405056552 телефондары арқлылы қол жеткізе алады.



Ұқсас жаңалықтар