"Фатих" кемесі Түрікали-2 құдығында бұрғылауды бастайды

Фатих Дөнмез "Фатих" бұрғылау кемесінің Түрікали-2 құдығындағы бұрғылау жұмысы жақында басталатынын айтты.

1570731
"Фатих" кемесі Түрікали-2 құдығында бұрғылауды бастайды

Энергия және табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез "Фатих" бұрғылау кемесінің Түрікали-2 құдығындағы бұрғылау жұмысының ақпан айында басталатынын хабарлады.

Дөнмез бір телеарнаға берген сұхбатында өткен жылы Қаратеңізде жалпы 405 миллиард текшеметр табиғи газ табылғанын ескертті.

Қаратеңіздегі Түрікали-2 құдығында бұрғылау жұмысының басталғанын айтқан Дөнмез:

"Бір апта мөлшерінде, кеш болғанда ақпанның басында "Фатих" бұрғылау кемесі Түрікали-2 құдығында бұрғылауды бастайды. Терең теңізде жұмыстанудамыз, теңіздің тереңдігі 2 мың метр. Сакария Газ алаңында табылған газды 2023 жылы Филиоста Түркиядағы байланыс жүйесіне жалғаймыз" деді.

Түркияның Жерорта теңізінің шығысындағы жұмыстарына да тоқталған Дөнмез аймақта мөлшермен 2 жылда 8 бұрғылау жұмысы жасалғанын баяндады.  



Ұқсас жаңалықтар