Түркияда 1 миллион 200 мыңнан астам адам екпе ектірді

Ел көлемінде вакциналау бар қарқынымен жалғасуда.

1569777
Түркияда 1 миллион 200 мыңнан астам адам екпе ектірді

Коронавируспен күрес шеңберінде 81 уәлаятқа таратылып, 14 қаңтар күні басталған коронавирус вакцинацаиялаудың алғашқы дозасы Түркияда бір миллион 200 мың адамға егілді.

Түркия Дәрі және медициналық жиһаз мекемесі рұқсат бергеннен кейін 13 қаңтар күні Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа вакцина ектірді.  Артынан Коронавирус ғылыми кеңесінің мүшелері ектірді.

Ел көлемінде вакцинация 14 қаңтар күні басталды. Сол күні президент Режеп Тайып Ердоған да екпе ектірді.

Вакциналаудың бірінші күні 285 мың медикке екпе егілді. Екінші күні бұл сан 500 мыңнан асты.

Ел көлемінде вакцинацияның жетінші күні 20 қаңтарда алғашқы дозаны салғызғандар саны бір миллионнан асты.



Ұқсас жаңалықтар