Нигерия теңіз айдынында түрік кемесін алып қашты

Теңіз қарақшылары түрік кемесіндегі әзербайжандық бір теңізшіні өлтірді.

1569710
Нигерия теңіз айдынында түрік кемесін алып қашты

Нигерия теңіз айдынында теңіз қарақшылары түрік кемесі мен 19 экипажын алып қашты.

Теңіз қарақшылары Сан-Томенің 100 теңіз милі қашықтығында орталығы Стамбулдағы бір компанияға тиесілі «Моцарт» атты түрік сауда кемесі мен экипажын ұрлап кетті.

Компания мәлімдемесінде Нигерияның Лагос қаласынан Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласына қарай жүзген кемедегі 19 экипаждың бірінің өлтірілгенін, 15 адамды алып қашқандарын, үшеуінің болса қарақшылармен бірге кемеде қалғанын атап көрсетті. Түркия теңіз қарақшылары алып қашқан экипажды құтқару үшін іске кірісті.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеменің 4-ші капитаны Фуркан Яренмен телефон арқылы сөйлесіп, оқиға және кеменің жағдайын егжей-тегжейіне дейін сұрады.

Кеменің шабуылдан аман қалған экипажының 3 мүшесімен бірге Габонға қарай бет алғандығы туралы ақпарат алған Ердоған бұл процесті мұқият қадағалайтынын және теңіз қарақшылары алып қашқан теңізшілерді құтқару үшін барлық лауазымдыларға тапсырмаларын бергенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Фуркан Яренге қоса кеме тиесілі компанияның директоры Осман Левент Карсанмен телефонда сөйлесіп, көңіл айтты. Қарақшылар алып қашқан экипажды тезірек құтқару және үйлеріне аман-есен қайтару үшін қажетті шаралардың қабылданатынын тілге тиек етті.

Чавушоғлу сонымен бірге Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовқа телефон шалып, өлтірілген экипаж үшін көңіл айтты. Чавушоғлу кеме портқа аялдаған соң мәйітті Әзербайжанға тапсыру жұмыстарының дереу басталатынын білдірді.

Түркияның Абуджа мен Нигериядағы өкілеттіктерінен бастап айналадағы елдердегі елшіліктері экипажды құтқару үшін жұмылдырылды.



Ұқсас жаңалықтар