Түркия ризашылық білдірді

Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан мен Түрікменстанның келіскеніне ризашылық білдірді.

1569255
Түркия ризашылық білдірді

Түркия Әзербайжан мен Түрікменстанның Каспий теңізіне байланысты келісіміне риза болды. Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан мен Түрікменстанның Каспий теңізінде «Достық» кен орны бойынша келіскеніне ризашылық білдірді.

Министрліктің хабарламасында аталмыш келісімнің екі елдің достығын нығайта түсуі тілегі тілге тиек етілді. Келісмнің дос және бауырлас екі ел халықтарына құтты болуы тіленді.

Түрікменстанда «Сердар», Әзербайжанда «Кепез» деп аталған кен орнының қай елге тиісті екені және қалай игерілетіні көптеген жылдар бойы екі ел арасында талас болып келген еді.

Каспий теңізінде Әзербайжан мен Түрікменстанның иелігіндегі жердің тап ортасында орналасқан кен орнында шамамен 60 миллион тонна мұнай резерві бар екені айтылады.



Ұқсас жаңалықтар