БҰҰ Стамбулда кеңсе ашады

Осыған байланысты Нью-Йоркте келісімге қол қойылды.

1568995
БҰҰ Стамбулда кеңсе ашады

БҰҰ гуманитарлық істер координация кеңсесі OCHA Стамбулда кеңсе ашады.

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Түркияның БҰҰ Тұрақты өкілдігінде өткен рәсімде БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшы орынбасары Марк Лоукок және Түркияның БҰҰ Тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу келісімге қол қойды.

Лоукок OCHA-ның жаңа кеңсесімен Стамбулда «маңызды база» болатынын және Стамбулдың «керемет мекен» екенін білдірді.  Ол осылайша осында Таяу Шығыс және Африкадағы көмектерді үйлестіретіндерін айтты.

«Түрік халқына және түрік лауазым иелеріне алғысым мол» деді ол. Лоукок кеңсенің елуге жуық қызметкерінің Стамбулға көшірілетінін айтты.

Феридун Синирлиоғлу да Түркияның БҰҰ-ның жауапты бір мүшесі ретінде үйымның әлемдегі барша азаматтың өмірін жақсартуға белсенді атсалысқан істеріне үлес қосатынын атап көрсетті. «Біз тек ауқымды территорияда ең қорғансыздарға көмек беріп қана қоймаймыз, сонымен бірге әлемдегі босқын тұрғындардың 20 пайызына құшақ ашқан елміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар