Түркияда бір миллионнан астам адамға екпе егілді

Кеше екпе қарияларға егіліп бастаған еді.

1567481
Түркияда бір миллионнан астам адамға екпе егілді

Түркияда 14 қаңтар бейсенбі күні ел көлемінде басталған коронавируске қарсы вакциналау шеңберінде екпе ектіргендердің саны бір миллионнан асты.

Ел көлемінде басталған вакциналау аясында бірінші сатыда медицина қызметкерлеріне Қытайдың CoronaVac екпесі егілді.

Бірінші сатының екінші қадамы шеңберінде кешеден бастап қариялар үйі, мүгедектер үйі және реабилитация орталықтарының тұрғындары мен жасы 90-нан асқан азаматтарға егіле бастады.

Вакциналаудың жетінші күнінде бір миллионнан астап кісіге екпенің бірінші дозасы егілді.

Екінші доза 28 күннен кейін егіледі.



Ұқсас жаңалықтар