"Фатих" кемесінің жұмысын "Кануни" кемесі жасайды

"Кануни" кемесі "Фатих" бұрғылау кемесі үшін құдық сынақтары мен құдық біткенге дейінгі іс-шараларды жалғастырады.

1566951
"Фатих" кемесінің жұмысын "Кануни" кемесі жасайды

"Фатих" кемесі бұрғылау жүргізетін құдықтарда құдық сынақтары мен құдықты бітіру іс-шараларын "Кануни" бұрғылау кемесі жасайды.

Түркия Мұнайлары ортақтық компаниясының Твиттер желісінен жасалған мәлімдемеде "Кануни" кемесі "Фатих" бұрғылау кемесі үшін құдық сынақтары мен құдық біткенге дейінгі іс-шараларды жалғастыратыны білдірілді.

Түркияның тұңғыш жергілікті бұрғылау кемесі болған "Фатих" 2020 жылы 19 қазанда Қаратеңіздегі табиғи газ резервтері жұмыстарынан кейін күтім үшін Зонгулдактың Чайжума ауданына қарасты Филиос қалашығы су айдынына жеткен болатын. 

Сонымен бірге 2020 жылы 2 қарашада барған кеменің "Түрікали-1" құдығындағы бұрғылау жұмыстары 5 қарашада басталды.

Түркия Мұнайлары ортақтық компаниясының құдықтарына жыл басында қосылған "Кануни" кемесі 2012 жылы жасалды.

11 мың 400 метр тереңдікке, 3 мың метр бұрғылау күшіне ие "Кануни" кемесі 6-шы ұрпақ ультыра теңізде бұрғылау кемесі деп танылған. 

Мерсиннің Ташужу портынан 2020 жылы 13 қазанда жолға шыққан кеме 8 миль жылдамдықпен Босфор бұғазынан өтіп, 19 қазанда  Хайдарпаша портына жетті.   



Ұқсас жаңалықтар