Түркиядан Норвегияға наразылық

Түркия Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1563946
Түркиядан Норвегияға наразылық

Түркия Норвегияға бас қала Ослода өткен іс-шарада көрсетілген бір кестеде PKK/PYD/YPG террор ұйымының үгіт-насихатын жасағаны себепті наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Осло муниципалитеті қолдау көрсеткен бір іс-шара аясында PKK/PYD/YPG террор ұйымын насихаттауға қызмет еткен әйел құқығы тақырыпты бір кестенің қоғамға ашық алаңға ілінуіне рұқсат берілді» делінді.

Мәлімдемеде дипломатиялық бастамаларға қарамастан Осло муниципалитетінің табандылықпен жалғастырған ұстанымы үшін «ғибраттық оқиға» делінді.

PKK-ның 40 мыңнан астам адамның өліміне жауапкер бір террор ұйымы екенін еске салған мәлімдемеде «PKK-дан азап шеккендердің басында әйелдер келеді. PKK/YPG-нің балаларды алып қашуына қоса, жасаған қылмыстарымен бір террор және қылмыстық ұйым екені адам құқықтары рапорттарында да орын алады. Балаларын террор ұйымы алып қашқан Диярбакыр аналарының азабы осыған мысал. Бұған аналарының айқайы мысал бола алады. PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG болса әйелдерге бағытталған зорлық-зомбылықтың басты кейіпкерлерінің бірі болып табылады» делінді.

Мәлімдемеде жүргізілген бөлшектеуші террор ұйымын насихаттауды тоқтатуға шақыру жасалып, «Терроризмге жол берушілерге бір күні осы аурудың өздеріне де жұғатынын ескертеміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар