Түркия Малидегі террор шабуылын айыптады

Түркия Малидегі БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметіне бағытталған террор шабуылын айыптады.

1564063
Түркия Малидегі террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Малидің Тимбукту аймағында жасалған террор шабуылында БҰҰ Бейбітшілік күші құрамында міндет атқарған Кот-д'Ивуарлық 4 сарбаздың қаза тауып, 5 сарбаздың жарақат алғанын өкінішпен қарсы алдық» делінді.

Кот-д'Ивуар халқы мен үкіметіне көңіл айтылған мәлімдемеде «Бұл террор әрекетін айыптаймыз. Дос және бауырлас Кот-д'Ивуар халқы, үкіметі және қаза тапқандардың туыс-тамырларына шын жүректен көңіл айтамыз. Жаралылардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар