Министр Чавушоғлуның Пәкістандағы байланыстары жалғасуда
Сыртқы істер министрі: Экономикадағы тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Пәкістанға барған ресми сапар аясында Синд уәлаяты премьер-министрі Мурад Али Шахпен бас қосты.
Твиттер аккаунтынан хабарлама жариялаған Чавушоғлу Түркияның Карачи бас консулдығы ғимаратының құрылыс жұмыстарына қолдауы үшін Шахқа алғысын білдірді.
Чавушоғлу «Карачи түрік инвесторларына ашылған есік. Экономикадағы тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз» деді.
Синд уәлаяты губернаторы Имран Исмаилмен де бас қосқанын атап көрсеткен Чавушоғлу консулдық ғимаратының құрылысына берілген қолдау үшін алғысын білдіргенін атап «Түрік Маариф қоры Синдте 6 мектепті табысты түрде басқаруда және жаңаларын ашуға дайын. Білім беру саласындағы ынтымақтастығымыз жалғасады» деді.
Синд губернаторлығынан жасалған мәлімдемеде болса кездесуде сауда, инвестиция, ғылым және технология, оқу және мәдениет салаларында өзара ынтымақтастық шараларының қолға алынғанын атап көрсетті.