"Елімізді 2023 межесіне жеткізгенше тоқтау - бізге арам"

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының қалалық құрылтайларына үн қатты.

1562964
"Елімізді 2023 межесіне жеткізгенше тоқтау - бізге арам"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны «2023 межесіне жеткізгенше тоқтау және бір сәтке де болса ысырап етудің арам екенін» атап көрсетті.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының 7-ші Кезекті Кыршехир, Кырыккале, Йозгат және Сивас қалалық конгрестеріне Президенттік сарайдан бейнеконференция арқылы қатысты.

Коронавирус (Ковид-19) эпидемиясына байланысты тоқтап қалған құрылтайларын бүгін қайтадан бастағандарын баса айтқан Ердоған 2023 жылы өтетін сайлауда әрі парламенттің басым көпшілігімен өкілдік ететіндерін, әрі Президенттік сайлауда қайтадан жеңіске жететіндерін мәлімдеді. Ердоған «Елімізді (Түркия Республикасының құрылуының 100 жылдығы) 2023 межесіне жеткізгенше тоқтау және бір сәтке де болса ысырап ету - бізге арам» деді.

«Террористік ұйымдардың қанішерлері, дұшпанның шабуылдаушы ұстанымы мен ойындары, алымызға қойылған  тұзақтары бізді шаршатпайды. Біз олардың бәрін жеңдік, жеңеміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар