Президент Ердоған вакцина егу мерзімін жариялады
Президент Ердоған Президенттік кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) эпидемиясына қарсы вакцина егудің аптаның соңына дейін басталатынын білдірді.
Президент Ердоған Президенттік кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады.
Жиналыста жаңа типтегі коронавируспен күресте соңғы жағдайдың қолға алынғанын атап көрсеткен Ердоған өлім-жітім мен вирус жұққандар санының азая бастағанына назар аударды.
Вируспен күресте жеке гигиенаның маңызына тағы бір рет тоқталған Ердоған Қытай өндірген 3 миллион доза вакцинаның Түркияға әкелінгенін, сынақтардың аяқталуымен белгіленген ережелерге сәйкес бейсенбі не болмаса жұма күні вакцина егу жұмыстарының басталатынын білдірді.
Ердоған «Вирус жұқтырғандардың белгілі бір саннан төмен түсуімен алдында жасағанымыздай әрине шектеулерді сатылы түрде алып тастаймыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Бір тәулікте Ковид-19-дан 169 адам қайтыс болды
Түркияда бір тәулікте 8 мың 314 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Түркия-Грекия өзара техникалық келіссөздер қайтадан басталады
Екі ел арасында техникалық келіссөздер келесі апта қайтадан басталады.