"Парасатты жастарды өсірмейінше болашаққа сеніммен қарай алмаймыз»

Президент балаларды ат мінуге, күреске, садақ тартуға баулығандарын атап көрсетті.

1562054
"Парасатты жастарды өсірмейінше болашаққа сеніммен қарай алмаймыз»

Президент Режеп Тайып Ердоған өзін және тарихты жақсы білетін жастар өсірмейінше болашаққа сенімді қарауға болмайтынын айтты.

Ердоған Анкарада «Дәстүрлі спорттар Жастар және спорт клубы» базасының ашылу рәсіміне қатысты.

«Біз тамырымызды, тарихымызды, мәдениетімізді жаңғырып, өткен кезден болашаққа көпір құрамыз» деген Ердоған ұлттық спорт түрлерін жандандыру үшін жұмыстана отырып, мәдени құндылықтарды жаңа буынға сіңіруді мақсат еткендерін білдірді.

Президент балаларды ат мінуге, күреске, садақ тартуға баулығандарын атап көрсетті. «Көп жылдар бойы ұмыт болған ұлттық спорттарды таныстырып, балаларымыздың тарихын жадында сақтауына қолдау береміз. Өзін танитын, тарихын білетін, мәдениетін сақтайтын иманды, адамгершілігі мол, парасатты жастарды өсірмейінше болашаққа сеніммен қарай алмаймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар